Мы в Telegram
Добавить новость
< >
Ноябрь 2014
Декабрь 2014
Январь 2015
Февраль 2015
Март 2015
Апрель 2015
Май 2015
Июнь 2015
Июль 2015
Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015
Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016
Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018
Январь 2019
Февраль 2019
Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024
1
2
3 4
5
6
7 8 9
10
11
12
13
14
15 16
17
18
19
20
21
22
23 24
25
26 27
28
29
30

Поиск города

Ничего не найдено

Өскемендегі қоғамдық орындарда неге қазақ күйлері мен халық әндері ойнап тұрмайды?

0 14
Өскемендегі қоғамдық орындарда неге қазақ күйлері мен халық әндері ойнап тұрмайды?

В КПРФ сочли закрытие музея Ленина в Финляндии отказом от своей государственности

Для будущего. Ученые выяснили, как диета отца может повлиять на потомство

Два пришкольных стадиона Амурской области станут современными

RSPB: окаменелости 10-метровой хищной рыбы обнаружили на северо-востоке Мексики

"Ерте, ерте, ертеде, ешкі күні жүні бөртеде" пайда болған күй, әуен, саз дүниесінің құпиясы күні бүгінге дейін ашылмаған жұмбақ. Музыка әлемі - сиқырлы, тылсым күшке толы. Оның құдіреті жеке адам мен қоғамды ғана емес, тұтастай бір ұлттың санасын өзгертуге жетеді.

Шыр айналған дөңгелек дүниенің жүзінде, музыка - пәлен дәуірде, түген ғасырда пайда болды деп кесіп-пішу қиын, тіпті мүмкін емес. Домалақ әлемде сан алуан ұлт, әр ұлттың алуан түрлі мәдениеті мен өзіндік ұлттық өнері бар екені тәптіштеп айтпаса да түсінікті. Біздің Қазақстанда ше? Әлбетте, ата-бабамыздан өлмейтін мұра, жоғалмайтын жәдігер болып сақталып, сонау түркілердің заманынан жеткен мәдениетіміз оған дәлел. Қорқыттың қобызынан шыққан ащы зар, Тәттімбеттің домбырасынан төгілген тәтті күй, Ақан сері мен Біржан сал әуелеткен әсем ән - қазақтың ұлттық өнерінің шырқау шегіне жеткенінің айғағы.

Ұлы даланың түкпір-түкпірін кезіп жүріп Александр Затаевич жазып алған "Қазақтың 1000 әні мен 500 күйі" жаһандануға қол созған мына ғасырда қаншалықты дәріптеліп, насихатталып жатыр? Алысқа ұзамай-ақ өзіміздің Өскеменді мысалға алайық. Қаладағы қайсыбір сауда орталығына, тамақтану орнына кіре қалсақ та, саябақ пен қоғамдық орындарға бара қалсақ та, еститініміз шетелдің іңірдегі ібілістің даусындай ыңырсып шыққан бірдеңесі, одан қала берді құлақтың жарғағын жара айқайлайтын жарнаманың дауысы. Құйқылжыта салған дәстүрлі әндер, халық әндері, күмбірлеп төгілген күйлер неге ойналмайды?

"Қазақтың 1000 әні мен 500 күйін" әлем мойындаған


Француздың атағы жарты әлемге мәшһүр Роллан Ромен деген жазушысы: "Қазақтың отаншылдық жігеріне толы халық музыкасының ешкімге, ештеңеге ұқсамайтын ерекше тартымдылығы сондай, қазақ әнін тыңдағанда күллі дала көз алдыңнан өткендей болады",- деп пікір білдірген екен. Ромен мен Затаевич 1935 жылдың жазында Максим Горкийдің саяжайында кездеседі. Затаевич екі тұлғаға қазақтың бірнеше әнін пианинода ойнап бергенде, орыстың атақты ақыны, жазушы-драматургі Максим Горький "Қазақтың 1000 әні" мен "Қазақтың 500 ән-күйі" кітабына италияндық өнерпаздардың таңдай тағып, бас шайқап, сүйсінгенін айтады. Операның отаны саналатын Италияның өзі өте жоғары бағалаған ұлттық өнерімізді біз неге қазір босағаға сүйреп тастадық? Дүниежүзінің даңқты тұлғалары мойындаған ән мен күй Қазақстанның барлық қаласының қоғамдық орындарында, барлық мекемелерінде, демалыс орындарында, саябақ, орталық алаңдарда шырқалып, салтанат құрып тұруы керек емес пе?

Былты Өскемендегі Спорт сарайының алдында ашылған аспалы жол - бүгінде қала тұрғындарының күн сайын өтетін қоғамдық орнына айналды. Сол жол үсті көпірінде ала таңнан қас қарайғанша орысша, ағылшынша әндер сарнап тұрады. Онсыз да күйкі тірліктен қажып, тұрмыстың қамын күйттеп жүрген адамды түнгі клубтарда қойылатын түсініксіз тілдегі әндер мен жарнаманың қатқыл дауыс-тары одан сайын шаршатары анық. Француз-швейцар ойшылы, жазушы Жан-Жак Руссо саз өнеріне қатысты "Мелодия тек қана еліктірмейді, ол сөйлейді... Оның тілі өткір, от-жалынға толы, қарапайым сөзге қарағанда, әлдеқайда күштірек деуге болады" деп анықтама берген.

Зайсандағы жайсаң әуендер


Дегенмен, ұлттық құндылықтарға баса мән беріп, айбынын асқақтататын жандар да жоқ емес. Осыдан бір айын бұрын тілшіміз Зайсан қаласына сапарлап барып қайтқан. Қонақ үйден бір көше жоғары орналасқан әкімшілік ғимараттан немесе орталық алаңнан таңғы сағат 8.00-ден бастап құлаққа жағымды әуез естілген. Тілшіміз әдейілеп іздеп барып көрсе, бірінен кейін бірі ойнап жатқан қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндері. Тапжылмай тура 1 сағат тыңдап тұрған соң қазақ радиосы қосылып, таңғы жаңалықтардың легі кеткен. Түстен кейін қызығушылығы артып тағы да әкімшілік ғимарат пен сахна орналасқан орталық алаңға барғанда, бойды шымырлатып, жүректі тербейтін майда қоңыр дәстүрлі әндер мен желдірме ырғақты, желпінтіп, сергітетін халық әндері ойнап тұрған. Сұрастыра келе, жолдағы бағаналарға ілінген дауыс зорайтқыштарындағы ұлттық әуенді әкімдік қызметкерлері қосатын болып шықты.

"Музыка жұмыс салдарынан пайда болған шаршауды ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиетке ие. Ол - бізге осы жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек береді. Бұл ғылым (музыка) өзінің байсалдығынан айырылған адамдарды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді",- дейді әлем ойшылы әл-Фараби. 

Ал Өскеменнің қоғамдық орындарындағы әуен-сазға елітіп, демалу былай тұрсын, екі құлағыңды жауып алып қашқың келеді. "Неге" деген сұраққа жауап алу үшін жауапты мекемелерге қоңырау шалдық.
- Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі ойналатын әндерді таңдау, іріктеу сияқты жұмыстармен айналыспайды. Мысалы бізге "Арбатқа музыка орнату керек" деген тапсырма берілсе, мамандар сол жерге қуат көзін тартып, мәдениет бөлімі флешкаға жазып ұсынған саз-әуендерді колонкаларға қосып береді, - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің инженер маманы Мұнтаз Қажыбекова.

Мәдениет бөлімі әуенді қалай таңдайды?
- Олар тек бір жерге емес, көптеген орындарға музыка орнатады, ал біз қазақша да, шетелше де әндерді ұсынамыз. Ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында әндерді қоятын мекемеге хабарласып ауыстыртқызамыз. Енді қазақтың күйлері мен халық әндерін береміз,- деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Күміс Маратқызы.
Солай дегенмен де, "Даниель" СҮ алдындағы жол үсті көпірінде ойналатын әуендерге қалалық ТҮКШ бөлімінің де, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің де қатысы жоқ болып шықты. Қалада 15 жерде орналасқан жарнама радиолары Big Sale компаниясына тиесілі екен.

- Аспалы көпірден басқа сауда орталықтары мен автобус аялдамаларында орналасқан біздің жарнама радиоларында 50/50 заңдылығы сақталған. Яғни, шетелше-орысша да, қазақша да әндерді береміз. Әндер тізімі 2-3 аптада бір рет жаңаланып отырады. Сонымен қатар, алда келе жатқан атаулы күндер мен мереке-мейрамдарға орай, сол тақырыптардағы шығармаларды қосамыз. Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күніне қарсы патриоттық-рухты әндер ойналатын болады. Тұрғындар тарапынан өтініш-тілектер болса, оларды да ескеріп қабылдаймыз, сұрағандарын қойып береміз, - дейді компания басшысы Евгений Блинов.
Бұйырса, енді қаланың қақ ортасындағы жұрт көп өтетін аспалы жолда Естай мен Қапездің, Иманжүсіп пен Жаяу Мұсаның әндері шырқалып, Дәулеткерей мен Құрманғазының, Дина мен Нұрғисаның күйлері ойнап тұратын күн алыс емес секілді. Не болса да, дәл осы тұрғыда Өскемен Зайсаннан үлгі алу керек сияқты.

Қытайдың музыка зерттеушісі Сыма Цянь: "Дүниеге келген адам баласы өміршең рухты еншілей туады. Ал қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса, туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана. Содан да болар, баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен ойнаған ортада халықтың санамен сарғайып, мұңға батады. Егер ерке де еркін, жайдары да жеңіл, иірім-қайырымы алабұрта елпілдеген әуен шырқалса, онда халық шат-шадыман ғұмыр кешеді. Егер қатқыл да қаһарлы, бас-тауы жігерлі, қоштауы асқақ, қайырмасы кең орамды әндер орындалса, онда халықтың өзіне сенімді де табанды болғаны, ал қоңыржай да ашық, орнықты да қалыпты, байсалды да шыншыл әуен тербелсе, онда халықтың сыпайы да ізетшіл болғаны. Ал егер жабайылардың әндері сияқты шегіне жете бүлініп-бұрмаланған, жанығып-жан ұшырған, ырду-дырду әуен-саз белең алса, онда халықтың бұзылғандық пен бейбастақтыққа белшесінен батқаны", - дейді. Ата-бабамыздан мирас болған бұрынғы ән-күйлерімізді санамағанда, әке-шешелеріміз тыңдап өскен есіл Шәмшінің әндері қандай еді. Сол кездің "хиты" болған өміршең әндердің дәурені өткенмен, ғұмыры әлі үзілген жоқ.

Тұрғындар тілегі ескеріледі


Музыканың идеология құралы екенін ескерсек, онымен бір буын ұрпақты ғана емес, бүтін бір халықты тәрбиелеуге болады. 2-ші дүниежүзілік соғыста неміс басқыншысы Гитлер "Бір ұлтты мәңгүрт қылып, ештеңе ойлатпай, түп тамырынан айыру үшін оған таңнан кешке дейін даңғаза, жын-ойнақ әндерді тыңдата беру керек" деген ой қалдырған. Қалай ойлайсыздар, бүгінгі таңда сол жоспар жүзеге асып жатқан жоқ па?
- Мен ылғи жаяу жүремін. Бір аптада 5 рет, бір күнде  2 рет аспалы жолдан өтемін. Еститінім кілең шетел әндері. Неге өзіміздің ескі де есті әндерді, тіпті күйлерді қосып қоймайды. Алматыдағы жерасты өткелдерінің түгелінде қазақтың күйі күмбірлеп тұрады. Ал біздің кішкентай қалада ұлттық өнерді танытуға не кедергі? - дейді қала тұрғыны Ернұр Кәкімов.
Қарбалас тірлікпен шапқылап жүріп, музыка ойнайтын жерлерден арлы-берлі өткенде қазақтың ән-күйлерін естіп, әл-Фараби айтқан рахатты сезінетін күн де көп ұзамай туар.

Читайте также

В тренде на этой неделе

RSPB: окаменелости 10-метровой хищной рыбы обнаружили на северо-востоке Мексики

Два пришкольных стадиона Амурской области станут современными

Загрузка...

Загрузка...
Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.



News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей Украине (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектом News24.


Владимир Зеленский в Украине


Светские новости



Сегодня в Украине


Другие новости дня



Все города России от А до Я