Мы в Telegram
Добавить новость
< >

Поиск города

Ничего не найдено

Киевтегі телемұнараға тиген зымыран соққысы Қазақстан елшілігі маңында болды - елші

0 657
Киевтегі телемұнараға тиген зымыран соққысы Қазақстан елшілігі маңында болды - елші

Воронежцам рассказали, как будут работать филиалы МФЦ с 8 по 12 мая

Севастополь вновь станет «Сказочным королевством»: программа детского фестиваля

Ждать ли пензенцам отключений воды в летний период: отвечает «Водоканал».

Молодые родители вынуждены платить за доставку из-за отсутствия пандусов у почты в селе Засечном

Киевтегі телемұнараға тиген зымыран соққысы Қазақстанның Украинадағы елшілігінен 800 метр жерде болған. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Түнде елшіліктен 800 метр қашықта телемұнара маңында жарылыс болды. Қазір оны барлық жерден көрсетіп жатыр. Лукьяновка ауданы бізге жақын орналасқан, түні бойы атыс дауысы естілді. Азаматтар жертөледе болды. Қазақстандықтар арасында зардап шеккендер жоқ", - деді елші. Қазақстанның Киевтегі елшілігінің қауіпсіздігі туралы сұраққа Кәлетаев дипломаттарды Украина Ұлттық ұланынан үш адам қорғайтынын айтты. "Менің ойымша, елшілікке ешкім тиіспейді. Ең бастысы, снаряд түспесе болды", - деді елші. Дархан Кәлетаев төтенше жағдай кезінде Қазақстан елшілігін эвакуациялауға қатысты мәселе қарастырылмайтынын айтты. "Қазір кетіп қалсақ, Отанына оралып үлгермеген қазақстандықтар не істеу керек? Қазір, мысалы, автобус кетуіне бір сағат қалғанда, адамдар қоңырау шалып, не істеу керек екенін сұрайды. Өйткені адамдар түрлі жерде жүр. Көптеген адам Киевте бізге жете алмай отыр. Біз кетіп қалсақ, олар не істейді?", - деп мәлімдеді ол. Сондай-ақ, елші Украинаның Сумы қаласындағы қазақстандық студент Денис Терновке қатысты жағдайды айтты. Кәлетаевтың айтуынша, дипломаттар оны жергілікті отбасылардың біріне орналастырған. "Қазақстанның белсенділері, бастамашыл топтары қазір Денисті Отанға жеткізудің түрлі жолдарын іздестіріп жатыр. Тіпті Халықаралық ұйымдарға жүгініп жатыр. Қазір бұл өте қауіпті екенін айтқым келеді. Атыс болып жатыр. Ол қауіпсіз, жақсы отбасында. Олармен байланыстамыз", - деп түйіндеді елші. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

В тренде на этой неделе

Севастополь вновь станет «Сказочным королевством»: программа детского фестиваля

Севастополь и электроснабжение: когда в домах появится свет?

Загрузка...

Загрузка...
Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.



News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей Украине (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектом News24.


Владимир Зеленский в Украине


Светские новости



Сегодня в Украине


Другие новости дня



Все города России от А до Я