Добавить новость
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018 Февраль 2018 Март 2018 Апрель 2018 Май 2018 Июнь 2018 Июль 2018 Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018 Ноябрь 2018
Декабрь 2018
Январь 2019
Февраль 2019
Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022
Май 2022
Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022
Сентябрь 2022
Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023
Сентябрь 2023
Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025
Ноябрь 2025
Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Поиск города

Ничего не найдено

Украинада Шыңжаң қазағы Ерсін Еркінұлы қамаудан босатылды

0 13
Қазан айында "шекараны заңсыз кесіп өтпек болды" деп Украинада ұсталып, қамалған Шыңжаң қазағы Ерсін Еркінұлы 7 желтоқсанда қамаудан босап шықты. Бұл ақпаратты Азаттық тілшісіне Еркінұлының өзі хабарлады. 


Оның сөзіне қарағанда, дүйсенбі күні Львов соты оның апелляциялық шағымын қараған. "Право на защиту" ұйымы адвокатының (аты-жөнін айтпады) айтуынша, 6 қарашада сот оны ұстау және елден шығару туралы сот шешімін шығарған. Еркінұлы бірінші инстанциядағы осы шешімге шағым түсіріп, сот өтінішін қанағаттандырған. 


8 желтоқсанда Алматы уақытымен кешке Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен ұйым адвокаты Еркінұлын Киевке шығарып салып жатқанын айтты. Ол жақта оны қазақ қауымдастықтары қарсы алады.  


Осыған дейін Украинаның көші-қон қызметіне босқын мәртебесін беру туралы өтініш түсіріп, пана іздеуші тұлға куәлігін алған Еркінұлы енді "тіл курсына баруды жоспарлап отыр". 


"Босқын мәртебесін сұрағандықтан мені осында босқындар лагеріне жіберуі де мүмкін еді, бірақ мен өзім шағымданып жатып, қамаудан шықтым. Мен украин, орыс тілін білмеймін. Сондықтан да осында тіл меңгеруді қолға алатын шығармын" дейді Еркінұлы Азаттыққа. 


Ақпарат бойынша, босқын мәртебесін сұрау туралы өтінішті Украина билігі бір жыл аралығында қарайды. 


Қазан айының соңында Украинаның Львов облысында ұсталған 23 жастағы Ерсін Еркінұлы осыған дейін өзін Қытайға депортациялауы мүмкін екенін айтып, ақпарат құралдарынан көмек сұраған еді. "Қытайға қайтсам, мені түрме мен азап, қорлық, өлім күтіп тұр. Сондықтан мені Қазақстанға алып кетіңіздерші" деген еді видеомәлімдемеде Еркінұлы.


Ізінше оған Украинаның "Право на защиту" құқық қорғау ұйымының заңгер тағайындап, көмектесе бастағаны хабарланды. Кейінірек Еркінұлы пана іздеуші тұлға куәлігін алды. Украина заңгерлерінің айтуынша, көші-қон қызметіне босқын мәртебесін беру туралы өтініш түссе, елден шығару процедурасы тұтас тоқтап, саяси баспана беру туралы шешім шыққанға дейін депортация мәселесі шегеріледі. Құқық қорғау ұйымы бұған дейін оны Қытайға депортацияламауға "бар күшін салатынын" айтқан.


Осыған дейін келіп түскен ақпарат бойынша, Қазақстаннан азаматтық ала алмай, Түркияға онан әрі Еуропаға өтіп, Киевтің Борисполь әуежайына келгенде құжаттарын жоғалтып алған Еркінұлын украин шекарашылары биыл қазанның соңында Львов облысында "шекараны заңсыз кесіп өтпек болғаны үшін" ұстаған. Бұған дейін сот өтіп, айыппұл салған.


Соңғы бірнеше жылда Қытайдың Шыңжаң аймағынан бірнеше этникалық қазақ қашып келген. Олар сол жақтағы қысымға шыдамай, қашуға мәжбүр болғандарын айтқан. Қазақстан билігі жақында төртеуіне босқын мәртебесін берген. Бір-екі жыл бұрын босқын мәртебесіне қол жеткізе алмаған Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Швецияға қоныс аударған еді.


Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінше, 2017 жылдан бастап Шыңжаңда тұратын бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылман "қайта саяси тәрбиелеу" лагерьлеріне қамалған. Пекин бұл орындарды "терроризммен күрес орталығы" деп атаған. Құқық қорғаушылар мен куәгерлер лагерьлерде азаптау, қысым жасау, зорлық-зомбылық, мәжбүрлі түрде жұмыс істету сияқты адам құқығын өрескел бұзу фактілері барын айтады.


Бұған дейін лагерьлерде отырып шыққан қазақтар Қазақстанға оралған соң Шыңжаңдағы қудалау жайлы деректерімен бөліскен. Олардың айтқандары әлемдік БАҚ беттерінде де жарияланды. Халықаралық қауымдастық Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын жиі сынайды.




 

Читайте также

Загрузка...

Загрузка...
Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.



News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей Украине (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектом News24.


Светские новости



Сегодня в Украине


Другие новости дня



Все города России от А до Я