Добавить новость
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018 Февраль 2018 Март 2018 Апрель 2018 Май 2018 Июнь 2018 Июль 2018 Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018 Ноябрь 2018
Декабрь 2018
Январь 2019
Февраль 2019
Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022
Май 2022
Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022
Сентябрь 2022
Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023
Сентябрь 2023
Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025
Ноябрь 2025
Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Поиск города

Ничего не найдено

"Мені Қытайда түрме күтіп тұр". Шыңжаң қазағы Украинада қамауда отырғанын айтады

0 15
Қытай азаматы, этникалық қазақ 23 жастағы Ерсін Еркінұлы Украинада заңсыз жүрген азаматтарды ұстайтын уақытша қамау орнында отырғанын мәлімдеп, өзін Қытай билігіне тапсыруы мүмкін екенін айтып, көмек сұрады.


"Қытай паспортым жоғалып қалған. Украин соты мені Қытайға қайтармақшы. Қытайға қайтсам, мені түрме мен азап, қорлық, өлім күтіп тұр. Сондықтан мені Қазақстанға алып кетіңіздерші" делінген ақпарат құралдарынан көмек сұраған жазбасында.


7 қараша күні түсірілген видеода Еркінұлы Украина сотының өзін Қытайға қайтару туралы шешім шығарғанын айтып, мән-жайды баяндайды.


"Төрт күн қамауда болдым. 4-күні істі сотқа тапсырды. Маған 4 мың гривен айыппұл салды. Қытайға депортациялауға кесті" дейді Еркінұлы видеода.




Бейнежазба Украинаның Львов қаласындағы заңсыз жүрген азаматтарды ұстайтын уақытша қамау изоляторынан түсірілгенге ұқсайды.


"Жас алаш" газетінің тілшісі Тоқтар Жақаштың Азаттыққа айтуынша, Еркінұлы осыдан бірнеше күн бұрын WhatsApp арқылы шығып, жағдайды түсіндірген. Еркінұлы Қазақстан билігінен ықтиярхат алып, азаматтыққа өтініш тапсырамын деп жүрген кезде "құқық қорғау органдарының қысымына тап болғанын" айтқан.


Ақыры Түркияға кетуге мәжбүр болған, "сол жақтан Еуропаға жетпек болып, Киевтің Борисполь әуежайына келгенде құжаттарын жоғалтқан. Сүйтіп, украин шекарашыларына ұсталған". Тоқтар Жақаш Еркінұлының айтқандарын осылай баяндайды.


Желіде тараған видеода Еркінұлы Қазақстанға 2019 жылы желтоқсан айында келгенін, Киевке биыл қазан айында жеткенін айтады.


Азаттық тілшісі Қазақстан мен Украинаның ресми орындарынан әзірге жауап ала алмады. Шыңжаң қазағы барды делінген Алматы облысы Сарқан ауданының көші-қон басқарма мамандары Еркінұлы туралы сұрақтарға нақты жауап бермеді.


Азаттық тілшісі сөйлескен кейбір заңгерлердің айтуынша, Ерсін Еркінұлының Украинадан босқын мәртебесін сұрау мүмкіндігі бар. Оған БҰҰ-ның сол жақтағы босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарына да хабарласып, көмек сұрауына болады.


Соңғы бірнеше жылда Қытайдың Шыңжаң аймағынан бірнеше этникалық қазақ қашып келген. Олар сол жақтағы қысымға шыдамай, қашуға мәжбүр болғандарын айтқан. Қазақстан билігі жақында төртеуіне босқын мәртебесін берген. Бір-екі жыл бұрын босқын мәртебесіне қол жеткізе алмаған Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Швецияға қоныс аударған еді.


Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінше, 2017 жылдан бастап Шыңжаңда тұратын бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылман "қайта саяси тәрбиелеу" лагерьлеріне қамалған. Пекин бұл орындарды "терроризммен күрес орталығы" деп атаған. Құқық қорғаушылар мен куәгерлер лагерьлерде азаптау, қысым жасау, зорлық-зомбылық, мәжбүрлі түрде жұмыс істету сияқты адам құқығын өрескел бұзу фактілері барын айтады.


Бұған дейін лагерьлерде отырып шыққан қазақтар Қазақстанға оралған соң Шыңжаңдағы қудалау жайлы деректерімен бөліскен. Олардың айтқандары әлемдік БАҚ беттерінде де жарияланды. Халықаралық қауымдастық Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын жиі сынайды.

Читайте также

Загрузка...

Загрузка...
Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.



News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей Украине (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектом News24.


Светские новости



Сегодня в Украине


Другие новости дня



Все города России от А до Я