Добавить новость
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018
Январь 2019
Февраль 2019
Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022
Май 2022
Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022
Сентябрь 2022
Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023
Март 2023
Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023
Август 2023
Сентябрь 2023
Октябрь 2023
Ноябрь 2023
Декабрь 2023
Январь 2024
Февраль 2024
Март 2024
Апрель 2024
Май 2024
Июнь 2024
Июль 2024
Август 2024
Сентябрь 2024
Октябрь 2024
Ноябрь 2024
Декабрь 2024
Январь 2025
Февраль 2025
Март 2025
Апрель 2025
Май 2025
Июнь 2025
Июль 2025
Август 2025
Сентябрь 2025
Октябрь 2025
Ноябрь 2025
Декабрь 2025
Январь 2026
Февраль 2026
Март 2026
Апрель 2026
Май 2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Поиск города

Ничего не найдено

Майк Помпео: АҚШ Украинаға көмек беруден бас тартпайды

0 55
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Киевке екі күндік сапары аяқталды. Мұнда ол Украина жетекшілері және Украина православ шіркеуі, Киев митрополиті өкілдерімен кездесті. Помпео "Украина үшін соғысып, жан берген азаматтарды еске алу" мемориалына гүл қойды. 


Майк Помпео - өткен жылы Вашингтонда туындаған даудан кейін президент Дональд Трамп командасынан Киевке келген бірінші жоғары лауазымды тұлға. 


АҚШ-та Трамптың 25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгімесінен соң дау туған. Америкалық басылымдар Трамп 2020 жылы өтетін сайлауда бәсекелесі болуы ықтимал Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға Зеленскийді мәжбүрлемек болған деп жазды. Сыншылар Трампты "қызмет өкілетін асыра пайдаланып, ықтимал бәсекелесіне қарсы дерек табуға тырысты" деп айыптады. Дональд Трамп бұл айыптауларды жоққа шығарды.


Трамп пен Зеленский арасындағы әңгіме мазмұны белгілі болған соң АҚШ Конгресі өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа "сертін бұзғаны үшін" импичмент жариялау процесін бастаған. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский өзіне Трамптың қысым жасамағанын айтқан.


Өткен жылы желтоқсанда басым көпшілігі демократтар отырған өкілдер палатасы Трамп қызметінен кетсін деп дауыс берген. Қазір импичмент мәселесі сенатта қаралып жатыр. 


Киевте журналистер сұрақтарына жауап берген Зеленский Трамп импичментіне қатысты жағдай Украина-АҚШ қатынасына селкеу түсірді деген тұжырыммен келіспейтінін айтты. 


"Екі елдің қарым-қатынасы жақсы. АҚШ бізді қолдап, қорғайды. Бұл жылы қарым-қатынас импичмент мәселесіне ықпал етті деп ойламаймын. АҚШ - біздің стратегиялық әріптесіміз. Біз Америка инвестициясының Украина экономикасына салынуына мүдделіміз. Жаңа жұмыс орындары ашылып, халыққа әлеуметтік қолдаудың артқаны біз үшін маңызды" деді Зеленский. 


Майк Помпео АҚШ Украинаның Ресей агрессиясына төтеп беріп, Украинаның территориялық тұтастығын толық қалпына келтіру талпынысын қолдайды деді. Бұған 29 қаңтарда АҚШ-тың Ресейге қосымша санкция салуы дәлел бола алады деді. 


Помпео сонымен бірге АҚШ Украинаны бұрынғыдай қолдап, оның НАТО-ға кіру талпынысын қолдайды деді. 


Зеленский АҚШ Донбастағы қақтығысты бейбіт реттеу мен Қырым оккупациясын тоқтату мәселесіне белсендірек араласатын шығар деп үміт білдірді. Жақында АҚШ мемлекеттік департаментінде осы мәселемен айналысатын арнайы лауазымды тұлға бекітілген. 



Владимир Зеленскийдің айтуынша, Украина АҚШ-пен қорғаныс және қауіпсіздік саласында қарым-қатынасты нығайтуға дайын және осы тұрғыда жаңадан қару сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. 


Соңғы екі жылда Киев АҚШ-тан Javelin танкіге қарсы тұру кешенін сатып алған. Зеленский биыл әуе шабуылына қарсы кешенді сатып алғысы келетінін жеткізді. 


Ақпан айынан бастап АҚШ Украинаға әскери көмек бере бастайды. Украинаның әскери теңіз күштерін нығайтуға негізгі басымдық беріледі. 2020 жылы АҚШ Киевке "Айленд" үш патрульдік катер жеткізеді. Былтыр Украинаның ұлттық әскери-теңіз күштеріне "Старобельск" және "Славянск" кемелері тапсырылған. 


Биыл АҚШ тарабынан Украинаға берілетін көмектің жалпы көлемі 700 миллион долларға жуықтайды. "Америка дауысы" сайтына берген сұхбатында Украинаның АҚШ-тағы елшісі Владимир Ельченко шамамен 400 млн доллар украин әскерінің қажеттілігін өтеуге бағытталады деген.


АҚШ мемлекеттік хатшысы Украинадан кейін Беларусь, Қазақстан және Өзбекстанға барады. 


Оқи отырыңыз: АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеоның постсоветтік төрт елге сапары қандай мақсат көздейді?




 

Читайте также

Загрузка...

Загрузка...
Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.



News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей Украине (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектом News24.


Светские новости



Сегодня в Украине


Другие новости дня



Все города России от А до Я