Добавить новость
Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022
Июль 2022
Август 2022
Сентябрь 2022
Октябрь 2022
Ноябрь 2022
Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023
Март 2023
Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023
Январь 2024
Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024
Август 2024
Сентябрь 2024
Октябрь 2024
Ноябрь 2024
Декабрь 2024
Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025
Сентябрь 2025
Октябрь 2025
Ноябрь 2025
Декабрь 2025
Январь 2026 Февраль 2026
Март 2026
Апрель 2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Поиск города

Ничего не найдено

"Мұнда пырақ мекен еткен". Шыңғырлау мен Көкөзек атаулары қайдан шыққан?

0 38

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауылы мен Жамбыл облысындағы Көкөзек ауылының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы ауылдардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.
Қос қанатты торы ат

Шыңғырлау - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының және Шыңғырлау ауылдық округі орталығы. 2009 жылғы санақ бойынша, ауылда 7 мыңға жуық адам тұрады.
БҚО әкімдігіне қарасты turizmzko.kz сайтының мәліметі бойынша, 1928 жылы Лубен мен Шілік болыстығы біріктіріліп, Шілік ауданы пайда болды. Бес айдан кейін бұл аудан Шыңғырлау ауданы болып өзгертіліп, Орал маңы мен Бөрлі болыстығы жерінің есебінен жер көлемі ұлғайтылды. Кейіннен Бөрлі болыстығы аумағының Орал ауданына берілуіне орай жер көлемі азайтылған. 1932 жылдың 10 наурызында Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы деп аталынды. Осылайша ауданның аудандық бірлік ретінде заңды тіркелуі және аталуы 1932 жылдан басталған.

Ал Шыңғырлау атауының өзі қалай шыққан деген сұраққа ел аузындағы аңыз-әңгімелер болмаса, нақты зерттелген тарихи деректер жоқтың қасы. Бұл туралы ел аузында әртүрлі баяндалады. Тарих бетінде түрлі аңыздардың бірі былай дейді:
Заманында алдына қара салмаған теңдессіз жүйрік торы ат болыпты және оның жай уақытта көзге көрінбейтін екі қанаты болыпты-мыс. Бірде бір бәйгеге жүйрігін қоса келген атбегі әрі сері жігіт сәйгүлігіне бөлек отау тіктіріп, ішіне бір астау сүт, бір астау су қойдырыпты. Бәйгеден соң жүйрігін сонда кіргізіп, сыртынан күзет қойыпты.
Десе де қапысын тапқан бір әйел жабық астынан сығалап, жүйрік торының қанаттарының бірін суға, бірін сүтке батырып, жусап тұрғанын көреді. Шегін тартып таңданған әйелдің оғаш даусынан шошыған тұлпар шыңғыра кісінеп, сол арада жан тапсырыпты. Бір рулы елдің маңдайына басқан сәйгүлігі мерт болған, шыңғырып барып үзілген жері бүгін осы Шыңғырлау болса керек. Туған жеріне ел болып көмген жылқының орнында бүгінде Торатбас деген тау белгі болып қалған екен. Бұл - ел аузында жүрген аңыздың бірі ғана.
Ауыл неге Көкөзек аталған?

Көкөзек - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің құрамындағы ауыл. 2009 жылғы санақ бойынша, бүгінде ауылда 800-ге жуық адам тұрады. 
Ауыл атауының шығу тарихы туралы ел есінде түрлі әңгіме бар. Қарасу мен Көкөзек ауылының ортасында "Көкалыс" деген шөбі шүйгін, көк құрақ, бидайдың ерте көктемде бітік өсетін саздауыт алаңқай жері болған. Сол алаңқайдан ылди сулар бірігіп, Көкөзек ауылының ортасындағы өзекпен төмен қарай ағып жатқан.
Көкөзек ауылы картада
Ертелеу кезде, шамамен, 1880-1900 жылдары аралығында тұрғылықты ел құм жиегінде шашыраңқы қалыпта отырған да, ұжымдастыру кезінде қазіргі Көкөзек ауылының тұрған жерінен ауылдың, көшенің жобасы сызылып халықты сол көшеге қоныстандыра бастаған. Кейін келе Көкөзек ауылы пайда болады. Құм жиегіне жақын жазықта ағып жатқан өзен сонау Алатау басынан басталып, Қарасу көлінің жиек жақ шетіне келіп құяды. Өзеннен шығатын кіші суды халық өзек деп атаған.
Ерте күзден бастап, қыс түсіп, жер беті ақ қар жамылғанға дейін өзектің екі жағы жап-жасыл желек жамылып жататын. Ауыл жағасы от, суы мол өзектің атына байланысты "Көкөзек" деп аталған. 
Оқи отырыңыз:
Аты қандай, заты қандай: Жетікөл мен Шонжы атаулары қайдан шыққан?
"Өз өлімін дәл болжаған". Құлсары мен Баршатас атаулары қайдан шыққан?
Аты қандай, заты қандай: Баянауыл мен Алмасай атаулары қайдан шыққан?


Читайте также

Загрузка...

Загрузка...
Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.



News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей Украине (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектом News24.


Светские новости



Сегодня в Украине


Другие новости дня



Все города России от А до Я