Мы в Telegram
Добавить новость
< >

Поиск города

Ничего не найдено

"Аттың екі қанаты болыпты". Шыңғырлау мен Көкөзек атаулары қайдан шыққан?

0 30

Глиноземом по могилам: в Ленобласти хотят построить завод на Ораниенбаумском плацдарме

Вышли на плацдарм: жители Ленобласти просят власти не строить предприятие со шламовыми отходами на костях героев Великой Отечественной

Шлама в яйцах не боятся: глиноземный завод в Ленобласти неотвратим. Референдума не будет. Депутаты против.

«Счастье привалило!»: новые подробности о строительстве глиноземного завода в Ленобласти

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауылы мен Жамбыл облысындағы Көкөзек ауылының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы ауылдардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады. Қос қанатты торы ат Шыңғырлау - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының және Шыңғырлау ауылдық округі орталығы. 2009 жылғы санақ бойынша, ауылда 7 мыңға жуық адам тұрады. БҚО әкімдігіне қарасты turizmzko.kz сайтының мәліметі бойынша, 1928 жылы Лубен мен Шілік болыстығы біріктіріліп, Шілік ауданы пайда болды. Бес айдан кейін бұл аудан Шыңғырлау ауданы болып өзгертіліп, Орал маңы мен Бөрлі болыстығы жерінің есебінен жер көлемі ұлғайтылды. Кейіннен Бөрлі болыстығы аумағының Орал ауданына берілуіне орай жер көлемі азайтылған. 1932 жылдың 10 наурызында Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы деп аталынды. Осылайша ауданның аудандық бірлік ретінде заңды тіркелуі және аталуы 1932 жылдан басталған. Ал Шыңғырлау атауының өзі қалай шыққан деген сұраққа ел аузындағы аңыз-әңгімелер болмаса, нақты зерттелген тарихи деректер жоқтың қасы. Бұл туралы ел аузында әртүрлі баяндалады. Тарих бетінде түрлі аңыздардың бірі былай дейді: Заманында алдына қара салмаған теңдессіз жүйрік торы ат болыпты және оның жай уақытта көзге көрінбейтін екі қанаты болыпты-мыс. Бірде бір бәйгеге жүйрігін қоса келген атбегі әрі сері жігіт сәйгүлігіне бөлек отау тіктіріп, ішіне бір астау сүт, бір астау су қойдырыпты. Бәйгеден соң жүйрігін сонда кіргізіп, сыртынан күзет қойыпты. Десе де қапысын тапқан бір әйел жабық астынан сығалап, жүйрік торының қанаттарының бірін суға, бірін сүтке батырып, жусап тұрғанын көреді. Шегін тартып таңданған әйелдің оғаш даусынан шошыған тұлпар шыңғыра кісінеп, сол арада жан тапсырыпты. Бір рулы елдің маңдайына басқан сәйгүлігі мерт болған, шыңғырып барып үзілген жері бүгін осы Шыңғырлау болса керек. Туған жеріне ел болып көмген жылқының орнында бүгінде Торатбас деген тау белгі болып қалған екен. Бұл - ел аузында жүрген аңыздың бірі ғана. Ауыл неге Көкөзек аталған? Көкөзек - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің құрамындағы ауыл. 2009 жылғы санақ бойынша, бүгінде ауылда 800-ге жуық адам тұрады.  Ауыл атауының шығу тарихы туралы ел есінде түрлі әңгіме бар. Қарасу мен Көкөзек ауылының ортасында "Көкалыс" деген шөбі шүйгін, көк құрақ, бидайдың ерте көктемде бітік өсетін саздауыт алаңқай жері болған. Сол алаңқайдан ылди сулар бірігіп, Көкөзек ауылының ортасындағы өзекпен төмен қарай ағып жатқан. Көкөзек ауылы картада Ертелеу кезде, шамамен, 1880-1900 жылдары аралығында тұрғылықты ел құм жиегінде шашыраңқы қалыпта отырған да, ұжымдастыру кезінде қазіргі Көкөзек ауылының тұрған жерінен ауылдың, көшенің жобасы сызылып халықты сол көшеге қоныстандыра бастаған. Кейін келе Көкөзек ауылы пайда болады. Құм жиегіне жақын жазықта ағып жатқан өзен сонау Алатау басынан басталып, Қарасу көлінің жиек жақ шетіне келіп құяды. Өзеннен шығатын кіші суды халық өзек деп атаған. Ерте күзден бастап, қыс түсіп, жер беті ақ қар жамылғанға дейін өзектің екі жағы жап-жасыл желек жамылып жататын. Ауыл жағасы от, суы мол өзектің атына байланысты "Көкөзек" деп аталған.  Оқи отырыңыз: Аты қандай, заты қандай: Жетікөл мен Шонжы атаулары қайдан шыққан? "Өз өлімін дәл болжаған". Құлсары мен Баршатас атаулары қайдан шыққан? Аты қандай, заты қандай: Баянауыл мен Алмасай атаулары қайдан шыққан?

Читайте также

В тренде на этой неделе

Психолог Лубенская: в отношениях не стоит погружаться в партнера с головой

Глиноземом по могилам: в Ленобласти хотят построить завод на Ораниенбаумском плацдарме

Загрузка...

Загрузка...
Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.



News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей Украине (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектом News24.


Владимир Зеленский в Украине


Светские новости



Сегодня в Украине


Другие новости дня



Все города России от А до Я