Мы в Telegram
Добавить новость
< >
Май 2014 Июнь 2014 Июль 2014
Август 2014
Сентябрь 2014
Октябрь 2014
Ноябрь 2014
Декабрь 2014
Январь 2015 Февраль 2015 Март 2015
Апрель 2015
Май 2015
Июнь 2015
Июль 2015
Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015
Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016
Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018
Январь 2019
Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023
Август 2023
Сентябрь 2023
Октябрь 2023
Ноябрь 2023
Декабрь 2023
Январь 2024
Февраль 2024
Март 2024
Апрель 2024
Май 2024
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Поиск города

Ничего не найдено

Ресейдің Украинаға арнайы операция бастауы. Қазақстанда өткен бірнеше митинг. Теңгенің құнсыздануы

0 75

Ресейдің Украинаға арнайы операция бастауы. Қазақстанда өткен бірнеше митинг. Теңгенің құнсыздануы

"Зенит" стал чемпионом России сезона-2023/24

Сбежал из глуши в Москву, до крови бился за мечту, впечатлил великого Тарасова. Как Жлуктов стал легендой ЦСКА

Во Львове на территории военной академии находились танки Challenger: детали ракетного удара

Российские военные уничтожили склад ВСУ с западными ракетами в Николаеве

24 ақпан күні Ресейдің Украина аймағында әскери операция бастауы әлемдегі жағдайға әсер етпей қоймады. Бірнеше мемлекет Мәскеуге санкция қойды. Соғыс салдарынан адам шығыны да бар. Бұл жағдай Қазақстан экономикасында да көрініс тауып, доллардың бағасы шарықтап кетті. Қазақстан азаматтары Украина халқын қолдап, наразылық акцияларына шықты. Осы жайлы толығырақ Vласть апта шолуында.

Украинадағы жағдай

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Донецк (ДХР) және Луганск халық республикаларын (ЛХР) тәуелсіз ел ретінде мойындаған соң, көршілес екі ел арасындағы жағдай ушығып кетті. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әрекетін Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу деп атап, бұл аймақтарды қорғайтынын айтты.

Ал 24 ақпан күні таңертең Путин Донбаста әскери операция басталғанын хабарлады. Путин соғыс операциясын қысымға ұшыраған азаматтарды қорғау мақсатында бастағанын айтып, “Украинаны қарусыздандыруға және ұлтсыздандыруға тырысамыз” деді. Сондай-ақ, ол батысқа бұл іске араласпауды ескертіп, олай болғанда салдары жақсы болмайтынын ескертті.

Бірер уақыттан кейін Владимир Зеленский елде әскери жағдай жариялады. Осылайша сол күні Украинаның бірнеше аймағында, атап айтқанда, астанасы Киевте, Харьков, Краматорск, Донбасс және басқа қалаларында жарылыстар басталды. Кешке Ресей әскері Чернобыль атом электр станциясының аумағын басып алғаны белгілі болды. Киевте және тағы бірнеше аймақта Ресей әскерлерімен қақтығыс жалғасып жатыр.

Соңғы ақпараттар бойынша, Украина тарапы Ресейдің 3 мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапқанын айтады, ал Ресей тарапы 27 ақпанға дейін қаза тапқан сарбаздар туралы мойындамай келген еді. Тек соғыс операциясы басталғаннан кейін үш күн өткенде ғана әскери шығындар болғанын айтты, бірақ нақты саны аталмады. Украина денсаулық сақтау министрлігі 198 азаматы қаза тапқанын, 1115 адам жараланғанын мәлімдеді, оның ішінде бейбіт тұрғындар да бар. Шайқас жүріп жатқан қала тұрғындары жарылыстан қорғану үшін қазір метро станцияларын паналап жүр, ал енді бір тобы Еуропадан пана сұрап, шекара кезіп жүр. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары Украинамен көршілес мемлекеттер 368 мың украиналық босқынды қабылдағанын хабарлады. 

Фото KURS.IF.UA

Ресей мен Украина арасында дипломатиялық қарым-қатынас үзіліп, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Еуроодақ елдері және басқа да мемлекеттер Ресейге қарсы санкциялар қойды. Олар, сондай-ақ, Ресей президенті Путинге және сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа жеке санкцияларын енгізген. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Путиннен адамзат үшін әскерін Ресейге алып кетуін сұрады. Украина президенті Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, әлемнің бірнеше мемлекетінде Ресейден соғыс операциясын тоқтатуды талап етіп, Украинаны қолдаған наразылық акциялары өтіп жатыр. Митингіге Ресей азаматтары да шығып, президентінің әрекетін қолдамайтынын жеткізуде.

Мұндай наразылық акциясы Қазақстанда да өтті. 24 ақпан күні Oyan, Qazaqstan! белсенділері мен тағы бірнеше азамат Алматыдағы Ресей консулдығының алдына Украина мемлекетінің туы мен “Украинадағы соғысқа жол жоқ” деген жазуы бар плакаттар алып шықты. Олар Украинадағы жағдайға бей-жай қарай алмайтынын айтып, “Украинадан қолыңды тарт!” деп айғайлады. Оларға әкімдік өкілі келіп, заңсыз акция екенін ескертіп, тарауды сұрады. Кейін полиция жиналғандарды ұстап әкетіп, біраз уақыттан кейін босатқан. Ертеңінде, 25 ақпан күні астанадағы Украина елшілігінің алдына бір топ студент жиналып, Украина халқына қолдау білдірді. Сондай-ақ, Украинадағы соғысқа қарсы петицияға қол қою басталды.

Ал Қазақстанның бұл жағдайға қатысты ресми ұстанымы нақты айтылмады. Дегенмен сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлері Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысқа жұмылдырылмайтынын айтты. Өйткені, бұл аймақ ҰҚШҰ әскерінің іс-қимыл аумағына кірмейді. Оның сөзінше, БҰҰ мандаты аясында шешім қабылданған жағдайда бітімгерлер жіберілуі мүмкін. Ал Украинада қалған қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізіледі. Алғашқы рейс 28 ақпанға жоспарланған. 

Қазақстандағы экономикалық жағдай

Ресей Украинаға соғыс бастаған күні Қазақстанда доллар бағасы бірден шарықтап кетті. Доллардың теңгеге шаққандағы орташа құны Қазақстанда 466,01 теңгеге дейін жетті. 24 ақпан күні Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтеру туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Бұл шешімін Ұлттық банк геосаяси жағдайдың айтарлықтай нашарлауына байланысты сыртқы тәуекелдер жағдайында баға тұрақтылығын сақтау қажеттігімен түсіндірді. Кейін Ұлттық банк валюта нарығына 104 млн доллар көлемінде валюта интервенция жасады. Өткен апта валюта нарығында теңге бағамын ұстап тұру үшін 137 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Ал 28 ақпан күні Қазақстан ұлттық банкі Қазақстан қор биржасымен бірге теңге мен доллар саудасының регламентін өзгерту жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Биржа саудасы 28 ақпан түстен кейін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де Франкфурт аукционы форматында өтпек. 

фото авторы: Ольга Логинова

Батыс Ресей банктеріне санкция қойғаннан кейін Қазақстанда орналасқан ВТБ, Сбербанк сияқты Ресей банктері бұл санкция клиенттер қаражатының сақталуына және қолжетімді болуына әсер етпейтінін айтып, мәлімдеме жасады. Дегенмен бұл компаниялардың акциясы арзандады.

Қазақстан үкіметі Украинадағы соғыс салдарынан ел экономикасында жағдайдың нашарлауына алғышарттар көріп отырған жоқ. 26 ақпан күні Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров дағдарысқа қарсы жоспардың әзірленгеніне қарамастан, 2022 жылдың соңына қарай ЖІӨ – 4% деңгейінде, мүмкін 0,1-0,2 пайыздық тармаққа төмен болады деп күтіп отырғандарын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Украинадағы жағдайдың даму сценарийіне және Ресейге қарсы санкцияларға байланысты болатынын жеткізді. Бұл Қазақстан экономикасына "соққы беруі мүмкін" деп нақтылады. Бұл жағдайда Үкімет жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу немесе сыртқы қысымды барынша азайту үшін дағдарысқа қарсы тиісті жоспар дайындайды.

Теңге депозиттерін қорғау бағдарламасы аясында Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк депозиттерін теңгемен ұстайтын азаматтарға 10%-ға дейін өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Өтемақы бір реттік бағдарлама кепілдік беру жүйесіне кіретін екінші деңгейлі банктер мен Отбасы банкіндегі депозиті барларға төленеді. 

Таза ауа, саяси партияларды тіркеу, құрылысқа қарсы митингілер

Өткен аптада Қазақстанда бірнеше наразылық акциясы өтті. Атап өтсек, 26 ақпан сенбі күні Алматыда Ғылым академиясы ғимаратының алдында қала ауасының ластануына қарсы митинг өтті. Акцияға екі жүзге жуық адам қатысты. Митинг Қазақстандағы қаңтар оқиғасында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Акцияға эко белсенділермен қатар, экологтар, зерттеушілер мен ғалымдар да қатысты. Олар биліктен өздері әзірлеген Алматы ауасын тазарту бағдарламасын жүзеге асыруды, ТЭЦ-ті газға ауыстыруды, қалдық аз бөлетін қоғамдық көліктерді шығаруды талап етті. Сонымен қатар, жиналғандар митингіге қала әкімі Ерболат Досаевтың келмегенін сынға алып, “бұл әкімнің қалаға деген қатынасын айғақтайтын маңызды көрсеткіш” деді. Наразылық акциясы аяқталғаннан кейін қатысушылардың бір тобы Алматыдағы Тарас Шевченко ескерткішінің алдына жиналып, Ресейден Украинадағы соғыс операциясын тоқтатуды сұрады. 

фото авторы: Алмас Қайсар

Ал ертеңінде, жексенбі, 27 ақпан күні саяси партияларды тіркеуді талап еткен митинг өтті. Тіркелмеген "Ел тірегі" партиясы шақырған бұл митингіге өзге саяси күш өкілдері де келді. Vласть тілшілерінің есептеуінше, оған 200-ге жуық адам жиналған.

Митингіде сөз сөйлеген "Ел тірегі" партиясының көшбасшысы Нұржан Әлтаев барлық саяси партияның тіркелуін, Парламенттің таратылуын және жаңа сайлау жариялануын талап етті. Ол наурызда жарияланатын Тоқаевтың саяси реформалар пакеті оларға сәйкес келмесе, мерзімсіз наразылық акциясын жариялап, шатыр тігетінін де мәлімдеді. Тіркелмеген "Наше право" партиясының жетекшісі Санавар Закирова бұрынғы президенттің отбасы мүшелерін тұтқындауды және билеуші партияны таратуды талап етті. Айта кетсек, 25 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілетін тоқтатты. Назарбаева лауазымсыз да “барлық күш-жігерін қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке жұмсайтынын” айтты.

Митингіге жиналғандар Украинадағы ахуал жайлы сөз қозғап, Ресейдің агрессиясын айыптады. 

фото авторы: Алмас Қайсар

Бұл күні астанада да наразалық акциясы өтті. Астанадағы Есіл ауданының ондаған тұрғыны Ботаника бағының аумағында жиналып, қала билігінен жол бойында орналасқан желілік саябақтың аумағында тұрғын үй кешенін салу туралы шешімнің күшін жоюды талап етті.

Жиналғандар бастамашыл топ құрып, құрылыс салуға шешім қабылдаған қала әкімдігін сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді. Митингіге қатысушылар оны заңсыз деп санайды. Наразылық білдірушілерге келген әкімдік өкілі олардан тарауын талап етті. Тұрғындардың бейбіт жиыны жарты сағатқа созылды, келесі жексенбіде қайта жиналатынын хабарлады. Олар «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс тоқтамайынша, тұрақты түрде жиналуды көздеп отыр.

Есіл ауданының тұрғындары құрылысты тоқтатуды талап етіп осымен үшінші рет жиналып отыр. Бұған дейін олар әкімдікке өтініштер жазған, eGov арқылы түрлі ведомствоға сұрау хат жіберген, бірақ жауап алмаған немесе оларды әкімдіктің бір департаментінен екіншісіне жіберіп отырған. 


Читайте также

Загрузка...

Загрузка...
Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.



News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей Украине (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектом News24.


Владимир Зеленский в Украине


Светские новости



Сегодня в Украине


Другие новости дня



Все города России от А до Я