ҰОС-ның үш ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді
0
1229
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Құжатта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылатыны айтылған. Оның ішінде:
Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) - 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені;
Несмиянов Александр Александрович (марқұм) - 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі;
Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) - 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!