Добавить новость
Персональные новости

Зеленский пообщался с главой МВФ

Апрель 2014Май 2014
Июнь 2014
Июль 2014Август 2014Сентябрь 2014Октябрь 2014Ноябрь 2014Декабрь 2014Январь 2015Февраль 2015Март 2015Апрель 2015Май 2015Июнь 2015Июль 2015Август 2015Сентябрь 2015Октябрь 2015Ноябрь 2015Декабрь 2015Январь 2016Февраль 2016Март 2016Апрель 2016Май 2016Июнь 2016Июль 2016Август 2016Сентябрь 2016Октябрь 2016Ноябрь 2016Декабрь 2016Январь 2017Февраль 2017Март 2017Апрель 2017Май 2017Июнь 2017Июль 2017Август 2017Сентябрь 2017Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018Август 2018Сентябрь 2018Октябрь 2018Ноябрь 2018Декабрь 2018Январь 2019Февраль 2019Март 2019Апрель 2019Май 2019Июнь 2019Июль 2019Август 2019Сентябрь 2019Октябрь 2019Ноябрь 2019Декабрь 2019Январь 2020Февраль 2020Март 2020Апрель 2020Май 2020Июнь 2020Июль 2020Август 2020Сентябрь 2020Октябрь 2020Ноябрь 2020Декабрь 2020Январь 2021Февраль 2021Март 2021Апрель 2021Май 2021Июнь 2021Июль 2021

Поиск города

Ничего не найдено

Кез келген сұрақ қоя алатыныма көзім жетті - Оливер Стоун Назарбаев туралы

02
Кез келген сұрақ қоя алатыныма көзім жетті - Оливер Стоун Назарбаев туралы
Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы Qazaq - The History of Golden Man фильмін жасаушылардың бірі Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатында қандай басты сұрақтарға жауап алғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қателеспесем, Қазақстанға екі рет сапармен бардық. Мен Назарбаевқа кез келген сұрақ қоя алатыныма көз жеткіздім. Әсіресе Ресей, Қытай және АҚШ арасындағы тепе-теңдікке қатысты. Бүгінгі әлемдік тәртіпте бұл өте маңызды нәрсе. АҚШ Қытай мен Ресейге қас, бұған барған сайын көзіміз жетіп жатыр. Маған әлемдегі күштердің тепе-теңдігі туралы білу қызықты болды.  АҚШ әлемді басқарса, бұл бәріне қауіпті жағдай болады. Назарбаевтың да әлемдегі осы теңдікті қалайтынын көріп отырмын. Ол осы тепе-теңдікті көргісі келеді", - деді Стоун ОКҚ брифингінде. Ол Қазақстан - Қытай мен Ресей арасында орналасқан, АҚШ-пен тығыз қарым-қатынастағы аса ірі ел екенін айтты. Осы елдердің әрқайсының Қазақстанға қатысты өз мүдделері бар. "Назарбаев - осы "арқанды жолмен" жүре алатын және қандай да бір қақтығыссыз адамдар, халықтар арасындағы диалогқа жол таба алатын адам. Ол Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерге қатысты. Назарбаев АҚШ-пен де сөйлесе алады. Горбачев мырзаның тағдыры шешілген кезде, ол билік транзитін тегістеуде басты рөл атқарды. Біз КСРО құлаған кезде қатты қақтығыстардан құтыла алғанымызды көрдік. Назарбаев 90-жылдары маңызды рөл атқарды деп санаймын. Оның АҚШ-пен ядролық қарусыздану мәселелері жөніндегі келіссөздері де маңызды. Мен қазір Қазақстанның қандай жағдайда екенін көріп отырмын, мен үшін ел туралы толығырақ білу қызық болды", - деп бөлісті Оливер Стоун. Оның айтуынша, қазақстандықтар өз елінің әлем болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінбеуі мүмкін. "Қазақстанда талантты адамдар көп. Бұл өте прогрессивті ел. Біз өткен ғасырдың 90-жылдарының басынан бүгінге дейінгі Қытайдағы сияқты, Қазақстандағы үлкен өзгерістерді көріп отырмыз. Америкалық сарапшылар бұл туралы біледі және Қазақстанды одақтас ретінде көргісі келеді, бірақ бұл Ресей мен Қытайға қандай да бір дәрежеде қарсы шыққан болуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан барлық осы процесте маңызды рөл атқарады. Қазақстан барлық серіктесімен достық қарым-қатынаста. Мен үнемі айтамын, біз бір-бірімізбен күресудің орнына климаттың өзгеруін жеңу үшін бірге жұмыс жасауымыз керек, әйтпесе бұл жақсылыққа әкелмейді. Жалпы, дипломатия құрылымын өзгерту керек", - деді ол. Еске салайық, америкалық кинорежиссер, сценарист және продюсер, үш "Оскар" сыйлығының иегері Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаевтан Qazaq - The history of Golden Man жаңа фильмін түсіру үшін сұхбат алған болатын. Фильмнің режиссері - украиналық және америкалық киноиндустрияның қайраткері Игорь Лопатенок, фильмнің музыкасын "Алтын глобус" иегері композитор Карло Силиотто, ал музыкасын "Астана Опера" симфониялық оркестрінің әртістері орындады. "Сіздер Назарбаевты қалауыңыз бойынша диктатор, мықты адам, тиран немесе құрылтайшы деп атай аласыз. Бірақ соңында кеңес империясының күйреуі және елдің тәуелсіздікке, оның ішінде ядролық қарудан бас тартуға маңызды қадамы туралы ойын айтатын қарапайым адамды көресіз... Сондай-ақ, Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық болашағы туралы әңгімелейді. Менің ойымша, бұл жарқын болашақ", - деді Стоун. Оливер Стоун - америкалық режиссер, сценарист және продюсер. Үш "Оскар" сыйлығының иегері. Ол "Уолл-Стрит", "Каждое воскресенье", "Александр" және "Прирожденные убийцы" сияқты фильмдер түсірген. 2017 жылы Оливер Стоун төрт бөлімнен тұратын "Путинмен сұхбат" деректі фильмін түсірді. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Комментарии

Комментарии для сайта Cackle


Читайте также

В тренде на этой неделе

Den Baurin выпустил новый музыкальный трек «Нет!»

Ани Лорак сняла фильм, но покажет только россиянам: "В Украине не планируется"

Загрузка...


Загрузка...
Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.



News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей Украине (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектом News24.


Владимир Зеленский в Украине


Светские новости



Сегодня в Украине


Другие новости дня



Все города России от А до Я